Жобаның мақсаты – кәсіпкерлікті ынталандыру, өнеркәсіпті дамыту және жергілікті өнім өндірушілер арасындағы коперациялық байланыстарды нығайту мақсатында еліміздің аумақтарындағы жобаларды қаржыландыру болып табылады. Бұл бастама Инвестициялар мен сыртқы сауда қызметін ынталандырудың жаңа жүйесінің құрамдық бөлігінің бірі болып, Инвестициялар мен сыртқы сауда министрлігі тарапынан белсенді түрде жүзеге асырылуда.
ҰӨX тікелей инвестицияларды тарту және заманалық өнеркәсіптік аймақтарды ұйымдастыру арқылы шағын және орта бизнесті қолдап-қуаттауға көмектеседі. Бұл аймақтар кәсіпкерлердің өндірістік жобаларын жүзеге асырулары үшін қажетті болған желілер мен сауда инфрақұрылымын, сондай-ақ өнім өндіру кешендерін қамтитын дайын өнеркәсіп аймақтары болып табылады.
Осы концепцияда жер учаскелерін сатып алуды және ол жерде Министрліктің аумақтық бөлімшелері, Стратегиялық даму агенттігі және жоғарыта айтылған жаңа жүйе аясында ұйыдастырылатын аумақтық жоба топтары тарапынан бірлесіп белгіленген аумақтың әлеуеті мен қажеттіліктері негізінде тиісті тармақтың мамандандырылуына сәйкес өнеркәсіптік аймақтар мен технопарктерді салу көзделген.
Болашақта өнеркәсіптік аймақтардың алаңдары тұрақты табыс қалыптастырушы, төмен қауіпті коммерциялық жылжымайтын мүлік түріндегі актив ретінде шетелдік инвесторлар үшін тартымды болуы мүмкін.
ҰӨХ халықаралық сарапшылармен біргелікте, өнеркәсіптік аймақтар концепциясын жасауды ұйымдастырады, бәсекелеске негізделген тәртіпке сәйкес кәсіпкерлердің жобаларын орналастыру үшін қажетті болған тұтас инфрақұрылымды, ғимарат пен кешендерді жобалау мен құруды үйлестіреді. Осылайша, жергілікті кәсіпкерлердің жобаларына инвестицияның үлкен бөлігі ҰӨX есебінен қапталады.
Жалпы алғанда, бұл бастама аумақтық ішкі жалпы өнімді арттыруға, өнеркәсіптік әлеуетті жетілдіруге, жаңа жұмыс орындарын ашуға, кәсіпкерлер мен капиталды біріктіруге, технологиялық әлеуетті арттыруға және бюджет табыстарын арттыруға арналған, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.