Сайлауға дайындық үдерісі міне осы өзгерістерге, жаңалықтарға негізделіп өткізілуде. Атап айтқанда, Өзбекстан Республикасы Президенті сайлауын өткізуге қатысты жалпы 18 ереже мен нұсқаулық қабылданды. Осы ережелер мен нұсқаулықтардың 7 -сі 2021 жылы жаңадан қабылданды. 2021 жылғы Сайлау кодексіне енгізілген өзгерістерді ескере отырып, 2019 жылы қабылданған 11 ереже мен нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Мәліметтерге сүйенсек, елімізде құрылған сайлау учаскелеріндегі сайлаушылар жалпы 19 миллион 859 мың 127 сайлаушы тізімге енгізілген. Соның ішінде 9 миллион 459 мың 273 немесе 48 пайызы ер адамдар, 10 миллион 399 мың 854 немесе 52 пайызы әйелдер, 6 миллион 458 мың 283-і 30 жасқа дейінгі жастар, олардың 887 мың 686-сы сайлауда бірінші рет дауыс береді. Шет мемлекеттерде құрылған 54 сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне жалпы 299 мың 780 сайлаушы енгізілген.
Сайлауды жалпы 971 жуық халықаралық байқаушы, оның ішінде 20-ға жуық белгілі халықаралық ұйым, сондай-ақ Еуропада Қауіпсіздік Ынтымақтастық Ұйымының Парламент Ассамблеясы және Демократиялық институттар мен адам құқықтары бойынша бюросы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы және ТМД Парламентаралық Ынтымақтастық Ассамблеясы. Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесі, Түркі Кеңесі Парламенттік Ассамблеясы және Ислам Ынтымақтастық Ұйымы мен басқа да халықаралық ұйымдардан жалпы 631 жуық, әлемнің 50-ге жуық елден 340 халықаралық бақылаушы тікелей бақылап отыр.
Сайлау заңдылығына сәйкес, ағымдағы жылдың 14-20 октябрь күндері сайлау күні тұрғылықты жерінде бола алмайтын сайлаушылар үшін мерзімінен бұрын дауыс беру өткізілді. Орталық сайлау комиссиясы сайлау учаскелерінде мерзімінен бұрын дауыс беру уақытын сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін белгіледі.
Өзбекстан Республикасы Президенті сайлауында жалпы 421 мың 618 жуық сайлаушы мезімінен бұрын дауыс берген болып, мемлекетіміз бойынша 301 мың 94 сайлаушы және шетелде 120 мың 524 сайлаушы отандастарымыз дауыс берді.