Бұл туралы Kazinformның Ташкенттегі тілшісі хабарлады.

Көрші елдегі Қытай кәсіпорындарының үлесі басым. Соңғы екі айда олардың саны 345-ке көбейіп, жалпы саны 5218-ге жеткен.

Одан кейінгі орында Ресейдің 3190 компаниясы тұр. Үздік үштікті Түркия иелеуде. Бұл елдің кәсіпкерлері Өзбекстанда 2149 кәсіпорын ашқан.

Сонымен қатар, қазақстандық инвесторлар да белсенді қатысуда. Атап айтқанда, өткен жылдың желтоқсан айынан биылғы жылдың ақпан айына дейін еліміз Өзбекстанда 22 кәсіпорын ашты. Осылайша, Ташкентте Қазақстан капиталының қатысуымен жұмыс істейтін компаниялардың саны ресми түрде 1221-ге жетті.

Өткен жылы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы шамамен 5 миллиард долларды құрады. Осы ретте ағымдағы жылдың қаңтар айында Өзбекстанға 88 мыңнан астам қазақстандық сапарға шыққан.

Бұрын хабарланғандай, Өзбекстанда Қазақстанда тіркелген көліктерді пайдалану мерзімі 6 айға дейін ұзартылуы мүмкін.