Пәтер бағасы бір жыл ішінде 5,5 пайызға қымбаттады. Оның ішінде:
- бастапқы базарда — 7,1 пайызға;
- қайталама базарда — 4,2 пайызға өсті.
Жеке тұрғын
үйлердің бағасы 2025 жылдың II тоқсанымен салыстырғанда 2 пайызға артқан.
Ташкент
қаласында пәтер бағасы бір жылда 3,9 пайызға өссе, республиканың қалған
өңірлерінде бұл көрсеткіш 7 пайызға жеткен.
2026 жылдың
II тоқсанынан бастап тұрғын үй бағасының индекстері жаңартылған әдістеме —
гедоникалық регрессия әдісі негізінде есептеліп келеді. Бұл әдіс тұрғын үйдің
ауданы, орналасқан жері, қабаты және басқа да сипаттамаларын ескеріп, базардағы баға динамикасын анағұрлым дәл
бағалауға мүмкіндік береді.