Өзбекстанда Wildberries сауда-логистикалық кешені салынады

    Бизнес 9 Noyabr 2022 3776

    Үстіміздегі жылдың 8 ноябрінде Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – инвестициялар және сыртқы сауда министрі Жамшид Ходжаев ірі халықаралық marketpleysтердің бірі саналатын Wildberries компаниясының негізін қалаушылары Владислав пен Татьяна Бакалчукты қабылдады.

    Кездесуде Ресей компаниясының басшылығы сондай-ақ Өзбекстанның тиісті министрліктері мен кеңселердің басшылары қатысты.

    Кездесу барысында Ресей Федерациясымен өзара саудадағы тауар топтарының құрамында сапасы жағынан айтарлықтай өзгергені, бүгінгі таңда олардың 70 пайызы қосылған құны жоғары тауарлар екені айтылды. Өзбекстанның электронды коммерциялық базарда сұраныстың өсуі туралы айтылды, оның көлемі жыл соңына дейін 1 миллиард долларға жетеді деп күтілуде. Мұның себептері Интернеттің кең ауқымдылығымен және жас белсенді қолданушылардың көптігіне байланысты.

    Дайын өзбек өнімдерін маркетплейс арқылы сату үшін компанияның логистикалық кешенін Өзбекстанда құру болашақтары талқыланды. Ташкент қаласында барлық тиісті қызметтерді көрсететін Wildberries логистикалық кешенін, сондай-ақ тауарларды тіркеу рәсімін жеңілдету үшін кеден және сертификаттау органдарының «бір терезе» қызметтеріне ие сұрыптау орталығын құру туралы келісімге қол жеткізілді. Жобаның жалпы құны 130 миллион долларды құрайды. Жоба іске қосылғаннан кейін 5 мың жаңа жұмыс орны ашылады.

    Осыған орай, маркетплейс арқылы сатуға шығару үшін бірінші басқышқа өзбек өндірушілері 900 миллион доллардан асатын тоқымашылық өнімдерін, 121,5 миллион долларға тері бұйымдарын, 172,2 миллион долларға тұрмыстық электротехнка құрылғыларын, 382,5 миллион долларға құрылыс материалдарын жеткізіп беруге дайын екендіктерін білдірді.

    Жобаны жүзеге асыру аясында компания өзбекстандық кәсіпкерлерді сатушы ретінде тіркеуден өткізу мүмкіндігін жасайды, электронды платформада жұмыс істеу және өз тауарларын сату дағдыларын қалыптастыру мақсатында өзбек және орыс тілдерінде өзбек өндірушілеріне онлайн семинарлар өткізеді, сонымен қатар жаңа өзбек брендтерін жасайтын фабрикасын іске қосады. Онда маркетингтік зерттеулер жүргізіп, базар талдаулары жүргізіледі және тиісті брендтерді жасайтын болады, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    Анықтама үшін: Wildberries компаниясы 2004 жылы құрылған және бүгінде әмбебап форматтағы ең ірі онлайн гипермаркет болып табылады. Дүние жүзіндегі ең танымал киім-кешек, аяқ киім, электроника, балалар және тұрмыстық тауарлар брендтерінің өнімдерін сатады.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates