Бұл туралы "Дунё" АА хабарлады.
Кездесуде Өзбекстаннан барған жүргізушілерді БАӘ-де заңды және лайықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Біріккен Араб Әмірліктері өкілі еліміздің үкіметі тарапынан шетелде жұмыс істейтін отандастарымыздың құқықтарын лайықты қорғау туралы қаралып жатқан іс-шаралар, Өзбекстан Президентінің «Қауіпсіз, тәртіпті және заңды еңбек миграциясы жүйесін енгізу іс-шаралары туралы» Жарлығының мән-мазмұнымен танысты.
Сондай-ақ, әлемдік еңбек базарында талап етілетін дағдылар мен біліктіліктің мойындалған стандарттары негізінде ұйымдастырылған «Ишга мархамат» моноорталықтарының қызметі туралы айтылды.
Сайид Амин Абдулрахман, Өзбекстаннан тәжірибелі жүргізушілерді тарту үдерісіне құқықтық қолдау көрсетуге, сыртқы еңбек миграциясы саласында өзара мүдделі ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.
"Бастапқы кезеңде біздің кәсіпорынға 200-ге жуық Өзбекстан азаматын такси жүргізушісі ретінде жұмысқа тарту мүмкіндігі бар. Егер олардың еңбек өнімділігі жоғары болса, қосымша 500-ге жуық өзбекстандық таксисттерді тартуға болады", - деді ол.
Келіссөздер нәтижесінде Өзбекстанның Еңбек агенттігі мен "Dubai Taxi Company PJSC" өкілдері арасында осы саладағы ынтымақтастықтың келесі кезеңдерін талқылауға келісті.