Мәліметтерге сәйкес, Санкт-Петербург қаласындағы Петрозаводская көшесінде жеті жастағы бала жетінші қабаттағы терезе қоршауына ілініп қалған. Сол сәтте оны ғимараттың астында жұмыс істеп жүрген Хайрулло есімді өзбекстандық мигрант байқап қалған.
Ол балаға айқайлап, оны тоқтатуға тырысқан, жағдайдың күрделенгенін түсінген соң терезенің астына жақындаған. Бала әлсіреп, басымен төмен қарай құлаған сәтте Хайрулло оны қағып үлгеріп, бауырына басып, ол баланы подъезге кіргізіп, жедел жәрдем келгенге дейін есін жиғызуға тырысқан.
Бала тірі қалған және қазір реанимация бөлімінде ем қабылдап жатыр, оның жағдайы тұрақты деп бағаланған. Өзбекстандық азамат жеңіл жарақат алған, онда ауыр зақым тіркелмеген. Белгілі болғандай, 36 жастағы құтқарушы Петербургтегі тұрғын үйлерге қызмет көрсететін мердігер ұйымында жұмыс істейді.