Онда Өзбекстаннан Ұлыбританияға заңды жұмыс күшін тарту, мигранттардың кәсіптік білім мен ағылшын тілін меңгеруіне қолдау көрсету бойынша бірлескен жобалар қарастырылды.
Сондай-ақ, Өзбекстан медбикелеріне кәсіби ағылшын тілін оқыту арқылы Ұлыбританияның денсаулық сақтау жүйесіне жұмысқа орналастыру мәселелері талқыланды.
Уэльс тарапы Өзбекстанда еңбек миграциясы саласында жүзеге асырылып жатқан реформалармен, облыстардағы оқыту курстары және еңбек мигранттарына жасалған жағдайлармен танысты.
Британия тарапы өз кезегінде, Өзбекстанмен кәсіптік білім беру саласында ынтымақтастықтың жолға қойылғанына риза екенін білдірді және ел медбикелерінің ағылшын тілін меңгеру деңгейін арттыруда практикалық көмек көрсетуге дайын екенін растады.
CAVC English Academy Уэльстегі ең ірі кәсіптік білім беру мекемелерінің бірі саналады. Оның оқу бағдарламалары түрлі сала өкілдеріне арналған. Мекеме 20 жылдан бері жұмыс істейді және жыл сайын 30 мыңнан астам оқушы үшін жүздеген курстар ұсынады.








