Бағдарлама аясында қатысушылар АҚШ компанияларында, беймемлекеттік, бейкоммерциялық ұйымдарда және мемлекеттік кеңселерде, Вашингтон, Остин, Техас және Колифорнияның Сан-Диего қалаларында қонақүй бизнесі, ІТ және инновациялар, инклюзивті білім, шағын және орта кәсіпорындарды қолдап-қуаттау, мебель істеп шығару сияқты салаларда индивидуалдық тағылымдамадан өтеді.
Еліміздің АҚШ-тағы елшісі Жавлон Вахобов АҚШ аумақтарына жасаған сапары мен жерлерстеріміз үшін тренингтер қорытындысы бойынша бағдарламаға қатысушылармен кездесу өткізді, сондай-ақ “UBL” курсын аяқтағаны туралы сертификаттар тапсырылды.
Шарада еліміздің кәсіпкерлері екі ел арасындағы іскерлік ынтымақтастықты одан әрі кеңейту бойынша жинақталған тәжірибе және алдағы жоспарлары туралы өз әсерлерімен бөлісті.
Олар бұл тренингтердің нәтижелі және өте пайдалы болғанын айтты. Тағылымнамада АҚШ-тағы іскерлік қызметтің заманауи әдістемелерін зерделеуге, білім мен дағдыларды жетілдіруге, бизнестің кейбір салаларында практикалық тәжірибе алуға, ынтымақтастыққа мүдделі американдық серіктестермен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды «Дуне» AA.
Еске сала кетейік: «UBL» бағдарламасы АҚШ-тың Өзбекстандағы елшілігі тарапынан қаржыландырылады және Халықаралық білім бойынша Америка кеңестері тарапынан басқарылады. Оған бизнес, кәсіпкерлік, әлеуметтік кәсіпкерлік және инновациялармен шұғылданушы 22 жастан 40 жасқа дейінгі мамандар тартылады.
Бағдарлама аясында қатысушылар түрлі коммерциялық және бейкоммерциялық ұйымдарда, университеттің бизнес бөлімдерінде және тиісті мемлекеттік кеңселерде мамандандырылған кәсіби тағылымнамадан өту үшін Америка Құрама Штаттарына шақырылады. 2018 жылы Өзбекстанда Америка кеңестері қызметі тіктелгеннен соң “UBL” қатысушыларының осы тобы үшіншісі болды. Бірінші топ 2021 жылдың сентябрінде, екіншісі 2022 жылдың май айында өтті.