Өзбекстандық оқушылар Куала-Лумпурда өткен халықаралық математика олимпиадасында жеңімпаз атанды

    Білім 3 Mart 2025 1487

    Малайзия астанасында өткен Оңтүстік-Шығыс Азиялық математика олимпиадасында (CEAMO 2025) өзбекстандық оқушылар 1 алтын, 3 күміс және 13 қола медаль жеңіп алды.

    «Дунё» AA –ның хабарлауынша, биылғы олимпиадада 23 елден 1800 оқушы білімдерін сыныптар кесімінде сынады. Ұлттық іріктеу кезеңіне Өзбекстаннан 1000-нан астам оқушы қатысып, оның 60-ы халықаралық басқышқа жолдама алды.

    Олимпиада жеңімпаздарына халықаралық дәрежедегі дипломдар табыс етілді. Бұл оларға беделді жоғары оқу орындарында оқуға кіруге, шәкіртақы мен білім алуына жеңілдіктер алуға құқық береді.

    Оңтүстік-Шығыс Азиялық математика олимпиадасына (CEAMO) Сингапурдың Терри Чью академиясының негізі қаланған. Оқушылардың математикадан білімі мен сауаттылығы осы олимпиада арқылы тексеріледі.

    Бұл беделді халықаралық олимпиадаға Австралия, АҚШ, Сингапур, Индонезия, Жапония, Қытай, Өзбекстан және тағы басқа елдердің 7 жастан 18 жас аралығындағы мектеп оқушылары тұрақты түрде қатысып келуде.