Елімізден Ресейге барған оқушылар үшін қысқы демалыс кезінде «Петербургке таңғажайып саяхат» экскурсиялық-танымдық бағдарламасы ұйымдастырылды.
Қарсы алу салтанатында Ресейдің Тәуелсіз кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары С.Некрасов сөз сөйледі. Ол Ресей-Өзбекстан қарым-қатынастарын нығайтудың маңыздылығын және екі ел арасындағы мұндай шаралардың ерекшеліктерін атап өтті. Төрағаның орынбасары көрсетілген көмек үшін Өзбекстанның Санкт-Петербург қаласындағы Бас консульдығына алғыс білдірді.
Шарада түрлі фольклорлық қойылымдар көрсетілді. Балалар қонақүйге орналастырылған соң, оларға жаңа жылдық сыйлықтар табыс етілді.
Кездесуді ресейлік БАҚ, атап айтқанда «Россия» телеарнасының тілшілері кеңінен жариялады, деп хабарлайды «Dunyo».