Өзбекстанның бірінші елшісі Куба Президентіне сенім грамотасын тапсырды

    Өзбекстанның Төтенше және Өкілетті елшісі Улуғбек Лапасов (штаб-пәтері Нью-Йорк қаласында) Куба Президенті Мигель Марио Диас-Канель Бермудеске сенім грамоталарын тапсырды.

    Салтанатты рәсімнен кейінгі қысқаша сұхбатта Президент Мигель Бермудес Куба Өзбекстанмен достық, өзара құрмет және мүдделерді ескеру қағидаттарына негізделген қарым-қатынастарды бағалайтынын атап өтті.

    Ол сондай-ақ Куба үкіметінің ресми Ташкентпен саяси диалогты жандандыруға және көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін білдірді.

    Кездесу соңында Мигель Бермудес Өзбекстан Президентіне құрмет пен ізгі тілектерін жеткізді.

    Елші Улығбек Лапасов Гаванаға сапары барысында Кубаның ұлттық қаһарманы Хосе Мартидің мүсініне гүл шоқтарын қойды. Сондай-ақ, Сыртқы істер министрлігімен, Парламент, Денсаулық сақтау министрлігі, «БиоКубаФарма» биотехнологиялар және фармацевтикалық өнеркәсіп тобымен кездесулер мен келіссөздер жүргізді.

    Өзбекстан мен Куба арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 2006 жылы 13 мартта орнатылған. Улуғбек Лапасов — Өзбекстанның Кубадағы 18 жылдағы тұңғыш елшісі.

    Улуғбек Лапасов 42 жаста. Әлем экономикасы мен дипломатия университетін, сондай-ақ бірқатар шетелдік университеттердің бағдарламаларын бітірген. Сыртқы істер министрлігі жүйесінде стажер ретінде жұмыс бастаған, орталық аппаратта және шетелдегі дипломатиялық өкілеттіктерде қызмет еткен. 2016 жылдан бері кеңесші, уақытша істер өкілі, БҰҰ-ның Женевадағы өкілеттігі мен тағы басқа халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкілі, елші лауазымдарда істеген. Француз, ағылшын, орыс тілдерінде еркін сөйлей алады.


    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates