Өзбекстанның Халықаралық еңбек ұйымымен ынтымақтастығы жаңа кезеңдерде жалғасады

    Олий Мажлис Сенатының Төрайымы, Адам саудасына қарсы күрес және лайықты еңбек мәселелері жөніндегі Ұлттық комиссияның төрайымы Танзила Нарбаева Женева қаласында ХЕҰ-ның Еуропа және Орталық Азия бойынша бюросының аймақтық директоры Беате Андрееспен келіссөздер жүргізді.

    Өзбекстан мен ХЕҰ арасындағы қарым-қатынастарды кеңейту, сонымен қатар елімізде лайықты еңбек жағдайларын жүйелі түрде жарату мақсатында ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығару мәселелері қарастырылды.

    Сұхбат барысында лайықты еңбек және әлеуметтік қорғау қағидаттарын енгізу, бейресми жұмысбастылыққа қарсы күресу, халықтың әлеуметтік қорғауға мұқтаж буындарын негізгі табыспен қамтамасыз ету, өзін-өзі жұмыспен қамту стандарттарын енгізу сияқты ынтымақтастық бағыттарына назар аударылды.

    ХЕҰ-ның елімізде және жалпы Орталық Азиядағы қатысуын кеңейту, сындарлы диалогтың дәйектілігін қамтамасыз ету мақсатында Ташкент қаласында ХЕҰ-ның халықаралық үйлестірушісі лауазымы құрылғаны жарияланды. Бұл өз кезегінде Өзбекстанның еңбек қатынастары саласындағы озық тәжірибесін өңірге енгізуге мүмкіндік беретіні атап өтілді.

    Сонымен бірге, алдағы уақытта Ташкентте ХЕҰ-ның Орталық Азияның барлық елдері үшін субаймақтық өкілеттігін құру жөнінде пікір алмасылды.

    Кездесу соңында ХМҰ-ның жоғары білікті мамандарын тарта отырып, ынтымақстастықта біріккен жобаларды жандандыруға келісілді, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.