Өзбекстанның халықаралық рейтингін көтеру мәселелері талқыланды

    Үтіміздегі жылдың 3 ноябрінде Олий Мажлис Сенатының Төрайымы, Халықаралық рейтинг және индекспен жұмыс істеу бойынша республикалық кеңестің төрайымы Танзила Нарбаева Самарқант қаласында «Адам мүддесін экономикалық реформалардың негізгі мазмұнына айналдыру» тақырыбында өткізілген Өзбекстан экономикалық форумы аясында Whiteshield Partners компаниясының директоры Ирина Боковамен кездесті.

    Ақпарат үшін айта кетейік, «Whiteshield Partners» – консалтинг компаниясы ның жаһандық стратегия мен мемлекеттік саясатты әзірлеуге мамандандырылған ұйым саналады.

    Кездесуде елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың халықаралық рейтингтерге әсері мен алдағы жоспарлар туралы пікір алмасылды.

    Өзбекстанның халықаралық рейтингін көтеру бойынша Ұлттық күн тәртібін әзірлеу және оны жүзеге асыру үшін Whiteshield Partners тарапынан ұлттық күн тәртібі топтарын құру бойынша ұсыныстар әзірлегені хабарланды.

    Атап өтілгендей, қазіргі таңда әзірленген Ұлттық рейтингтің күн тәртібі Өзбекстанның халықаралық рейтингтердегі орнын көтеру үшін қажетті қысқа мерзімді іс-шаралар мен ұзақ мерзімді құрылымдық реформалар кешенін қамтиды.

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates