«Узбеккосмос» агенттігінің Франциямен ынтымақтастығы одан әрі нығая бермек

    Үстіміздегі жылдың 4 февралінде Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинетінің құзырындағы Ғарыштық зерттеулер мен технологиялар агенттігі және Франция Республикасының Өзбекстандағы елшілігінің өкілдері арасында кездесу өтті.

    Кездесуде екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.

    Атап айтқанда, елімізде ғарыш қызметі саласын одан әрі дамыту мақсатында Францияның жетекші жоғары оқу орындарында кадрларды даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінді.

    Шынайы сұхбат түрінде өткен кездесуде “Узбеккосмос” агенттігінің бас директоры Шухрат Кадиров Франция Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Орелия Бушез ханымға Ғарыштық зерттеулер ұлттық орталығы (CNES) және “Airbus Defence and Space” компаниясымен ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы туралы мәлімет берді.

    Атап айтқанда, “Airbus Defence and Space” компаниясы мен “Узбеккосмос” агенттігі пилоттық жобаны іске қосуды жоспарлап отырғанын хабарлады.

    Өз кезегінде, Орелия Бушез ханым Францияның “Thales және Eutelsat” сияқты жетекші компаниялары да “Узбеккосмос” агенттігімен жұмыс істеуге мүдделі екенін айтты, деп хабарлайды Ғарыштық зерттеулер және технологиялар агенттігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates