Күндіз ауа 35-40 градусқа дейін, оңтүстік пен шөлейт аймақтарда кей жерлерде 42 градусқа дейін ыстық болады.

Ауа райы аздап бұлтты, кей жерлерде құбылмалы болады, жауын-шашын күтілмейді, тек Ташкент облысы мен Ферғана аңғары облыстарының таулы аумақтарында 1 август күні қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін.

31 июль және 1 август күндері солтүстік және шөлді аймақтарда, 3-4 августа республиканың кей жерлерінде желдің жылдамдығы 13-18 м/с-қа дейін күшейіп, кей жерлерде шаң-тозаң көтерілуі мүмкін.

Алдағы демалыс күндері температура фонының аздап төмендеуі күтілуде, күндізгі температура 33-38 градус шамасында болады.

Астанамызда: ауа райы бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Жел 3-6 м/с жылдамдықпен соғады, уақыт-уақытымен 8-10 м/с күшейеді. Температура 31 июльден 4 августқа дейін 38-40градус шамасында болады.