Өзбекстанның Мәдениет министрі Озодбек Назарбеков Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдени қарым-қатынасты одан әрі дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының екінші дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды.
Сыйлықты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан осы мемлекеттің еліміздегі Төтенше және өкілетті елшісі Бейбіт Атамқұлов тапсырды.
Сонымен қатар, Қырғыз Республикасының Президенті Садир Жапаровтың жарлығымен Өзбекстаннан да мәдениет және өнер саласындағы екі өкілге құрметті атақтар берілді:
Өзбекстан Мәдениет министрі Озодбек Назарбековке — Қырғызстан халық әртісі құрметті атағы;
Юнус Раджаби атындағы Өзбек ұлттық музыка өнері институтының «Дәстүрлі мақам орындаушылық» кафедрасының аға оқытушысы Фарангиз Махмудоваға Қырғызстанның еңбек сіңірген әртісі атағы берілді.
Құжатта көрсетілуінше, бұл атақтар Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы мәдениет пен өнер саласындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан зор үлесі үшін берілді.