Мемлекет басшысы Паркент ауданынындағы жұмыстармен танысты

    Саясат 18 Iyun 2025 1853

    Президент Шавкат Мирзиёев халықтың өмір сүру жағдайы, өңірлердің экономикалық дамуы және жаңа жобалармен танысу мақсатында 18 маусым күні Ташкент облысының Паркент ауданына барды. Алғашқы нысан «Паркентсай» өзенінің жағасында салынып жатқан тұрғын үй кешені болды.

    Өңірлерді «өсу нүктелеріне» сүйене отырып дамыту, халыққа лайықты өмір сүру жағдайларын жасау – мемлекетіміз саясатының басты басымдықтарының бірі. Мұндай оң өзгерістер Паркент ауданында да айқын көрініс табуда.

    Аудан орталығынан ағып өтетін Паркентсай өзенінің жағасында салынып жатқан бұл кешенді экоқала деуге болады. Жалпы аумағы 6 гектарды құрайды. Мұнда 5 200 пәтерлі 125 көпқабатты тұрғын үй салу жоспарланған. Барлық үйлер заманауи коммуналдық желілермен және энергия үнемдейтін технологиялармен жабдықталады. Атап айтқанда, үйлердің төбесіне геоколлекторлар орнатылып, олар ыстық суды жылытуда қолданылады.

    Мұндай кешендер тұрғындар тығыз орналасқан аймақтар үшін маңызды. Жайлылығы мен қолжетімді бағасы арқылы бір үйде бірнеше отбасы болып тұратындарға тиімді шешім ұсынады.

    Президент жаңа пәтерлердің ішкі жағдайымен де танысып шықты.

    Кешен аумағында екі мектеп, сегіз балабақша, балалар ойын алаңдары, 10 гектарлық саябақ, жасанды көл, серуен жолдары мен веложолдар салынады. Сонымен бірге, 17 шақырым ішкі жол жөнделеді.

    Кәсіпкерлік үшін де жағдай жасалмақ. Мұнда 58 коммерциялық нысан бой көтеріп, оларда сауда және қызмет көрсету орталықтары орналасады. Бұл арқылы 700-ден астам жұмыс орны ашу жоспарланған.

    Мемлекет басшысы ауданның болашақ дамуы бойынша жобалармен танысты.

    Солардың бірі – «Байтқорған - Паркент» арасындағы электрлендірілген темір жол құрылысы. Ұзындығы 24 шақырым болатын бұл бағыт іске қосылған соң, Паркенттен Ташкентке қатынау жеңілдейді. Бұл жолмен тәулігіне 275 мың жолаушыны тасымалдау көзделіп отыр. Көлік қатынасының артуы аудан экономикасының да өсуіне серпін береді.

    Паркентсай өзенінің арнасын тәртіпке келтіру жұмыстары да жүріп жатыр. Бірінші кезеңде 4 шақырымдық бөлігі бетонмен қапталды. Бұл жаңа құрылыстарға жол ашты. Атап айтқанда, өзен бойымен шамамен бес шақырымға созылатын жаңа жол салынды. Қуаттылығы – тәулігіне 10 мың көлік. Жаңа жол аудан орталығындағы көлік қозғалысын жеңілдетеді. Сонымен қатар жаяу жүргіншілер жолы, өткелдер мен көпір салынған.

    Келесі кезеңде өзеннің «Кумушкон» мекеніне дейінгі бөлігін ретке келтіріп, 100 гектар аумақта туризм нысандарын орналастыру жоспарланған.

    Президент осы жерде паркенттік тұрғындармен сұхбат құрды.

    – Біздің ең үлкен байлығымыз – елдегі тыныштық пен халқымыздың бейбіт өмірі. Егер бейбітшілік пен тұрақтылық болса, осындай құрылыс жүреді, жоспарлар орындалады. Мемлекеттік құрылымдарды жұмылдырып, мүмкіндіктерді іске қосып, барлық өңірлерді дамытуға күш салып жатырмыз. Паркентке де тәуелсіздіктің лебі мен реформалар жемісі жеткенін көріп, қуандым. Халқымыз осындай жайлы өмір сүруге әбден лайық, – деді Шавкат Мирзиёев.

    Ақсақалдар аудан дамуына жасалып жатқан мүмкіндіктер мен халықтың тұрмысындағы оң өзгерістер туралы өз пікірлерін білдірді.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates