Онда Өзбекстан Республикасы Президентінің «Өзбекстан Республикасы Президенттің 2022 жылғы 2 июльдегі «Қарақалпақстан Республикасы аумағында төтенше жағдай жариялау туралы» Жарлығына өзгерту енгізу туралы»  ПЖ-164-санды Жарлығын бекіту туралы мәселе қаралды.

Айтылғанындай, аталмыш Жарлыққа сәйкес Өзбекстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 июльдегі «Қарақалпақстан Республикасы аумағында төтенше жағдай жариялау туралы» ПЖ-164-санды Жарлығының 2- пунктіндегі «сағат 21:00-ден  сағат 07:00-ге дейін» деген сөздері  «сағат 23:00-ден сағат 05:00-ге дейін» деген сөздермен ауыстырылуда.

Мәжілісте Олий Мажлис палаталарының осы Жарлықты бекіту туралы біріккен  қаулысы қабылданды.

Сонымен Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Заң шығару палатасы мен Сенатының біріккен жиналысы өз жұмысын аяқтады.

Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.