Өзбекстанда Парламентаралық одақтың 150- мерейтойлық ассамблеясы өтеді

    Қазіргі қиын жағдайда Өзбекстанның мүлде жаңа мәнге ие болып отырған белсенді және прагматикалық сыртқы саясаты арқасында еліміз әлем саясаты орталықтарының біріне және жаһандық бастамалардың авторына айналуда.

    Бұл үдерісте мемлекет парламенті де белсенді қатысуда.

    Парламентаралық одақпен ынтымақтастықта Бұхара қаласында Тұрақты даму мақсаттарына арналған Халықаралық парламент форумы және Ташкент қаласында Парламентаралық одаққа мүше мемлекеттер парламенттерінің әйел басшылары 14-саммитінің сәтті өткізілгені соның жарқын мысалы болып табылады.

    Швейцарияның Женева қаласында Парламентаралық одақтың (ПО) Бас хатшысы Мартин Чунгонг пен Олий Мажлис Сенатының төрайымы Танзила Нарбаева арасында ПО-ның 150-мерейтойлық ассамблеясын 2025 жылы Өзбекстанда өткізу туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    Әлемдегі 180 парламентті бірлестірген бұл беделді құрылым өзінің жоғары органы Ассамблеяны парламентаризм мен тұрақты дамудың оң тәжірибесі бар елдерде өткізетінін айта кеткен жөн.

    Ассамблеяның алғаш рет Орталық Азия аумағында, Өзбекстанда өткізілуі елімізде демократиялық реформалар мен парламентаризмді дамыту жолындағы іс-әрекеттердің әлемдік қоғамдастық тарапынан мойындағанын растайды.

    Парламентаралық одақ Ассамблеясының елімізде өткізілуі Парламенттер арасында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша өзара тәжірибе алмасуға, Өзбекстан Парламентінің қызметімен танысуға, 2030 жылға дефінгі стратегияны жүзеге асыруда парламенттердің қатысуын кеңейту, ТДМ-ға қол жеткізу, адам құқықтары, гендерлік теңдік, жастар мүмкіндіктерін кеңейту, климаттың өзгеруіне қарсы күресуде парламенттердің ынтымақтастығын қарастыруға мүмкіндік береді.