Пекинде Өзбекстан туризмінің әлеуеті көрсетілді

    Туризм 12 Oktabr 2022 1396

    Өзбекстанның Пекиндегі елшілігінде еліміздің бай мәдениеті мен туристік әлеуетін кеңінен насихаттауға арналған шара өтті.

    Шараға Қытайда қызмет көрсетіп жатқан шетелдік елшіліктер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

    Қатысушылардың назарына Өзбекстанның баға жетпес мәдени-тарихи мұрасы мен туристік әлеуеті, сондай-ақ соңғы жылдары елімізге келетін шетелдік туристер үшін жағдай жасау, туризмнің түрлі бағыттарын кеңінен насихаттау бағытында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар туралы мағлұмат берілді.

    Осы ретте Самарқант қаласында құрылған «Ұлы Жібек жолы» халықаралық туризм орталығындағы «Боқии шахар» кешені мен басқа да көрікті жерлер туралы бейнематериалдар көрсетілді.

    Шара барысында өзбектің ұлттық билері мен әндері көпшілік назарына ұсынылып, адрас, атлас сынды маталардан тігілген ұлттық киімдер көрсетілді.

    Өзбекстанның баға жетпес мәдениеті, салт-дәстүрі және туризм саласындағы зор әлеуеті үлкен қызығушылық оятты.

    Шараға қатысқан шетелдік қонақтар Өзбекстанға барып, әсем еліміздің бай мәдениеті мен туристік әлеуетін өз көздерімен көруді жоспарлап отырғандарын айтты, деп хабарлайды «Дунё» AA.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates