Санкт-Петербург қаласындағы Блокада (қамал) мұражайында Өзбекстанның Ленинград қорғанысына қосқан үлесі көрсетіледі

    Үстіміздегі жылдың 17 сентябрінде Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы Ленинград қорғанысы және блокадасының мемлекеттік мемориалдық мұражайында «Ленинградты азат етуде Өзбекстанның қосқан үлесі» атты арнайы көрме ашылады.

    Мұражайға келушілер ұсынылатын экспозицияларда Өзбекстан Республикасы Әділет министрлігіне қарасты «Узархив» Ұлттық агенттігінде сақталған 100-ден астам сирек құжаттармен танысуға мүмкіндік алады. Бұл құжаттар Өзбекстанды соғыс жылдарындағы Ленинградпен байланыстырған түрлі тарихи оқиғалардың айғағы, деп хабарлайды Санкт-Петербург Сыртқы байланыстары комитетінің баспасөз қызметі.

    «Көрмеде « Ленинградты қорғауда өзбекстандықтар», « Эвакуацияланған ленинградтықтар Өзбекстанда», «Өзбекстан еңбекшілер делегациясы Ленинград фронтында», «Өзбек халқының соғыс жылдарында көрсетілген мейірімділігі мен бауырмалдылығы» сынды жүзден астам құжаттар орын алады», - деп хабарлайды баспасөз қызметінде.

    Сондай-ақ акция аясында «Узбеккино» Ұлттық агенттігінің киномұрағатында 1962 жылы түсірілген Шухрат Аббасовтың «Сен жетім емессің» және Дамир Салимовтың 1980 жлы түсірген «Ленинградтықтар менің балаларым» атты көркем фильмдері көрсетіледі. Фильмдер 17-18 сентябрь күндері кешкі уақытта қойылады. Сондай-ақ 18 сентябрьде Санкт-Петербург мемлекеттік консерваториясының бітірушілері «Олар Ленинград үшін шайқасты» атты әдеби-музыкалық композицияны ұсынады, деп хабарлайды tass.ru.

    Сондай-ақ, хабарламада 2024 жылдың 8 сентябрінде Ұлы Отан соғысы жылдарында Ленинград блокадасының басталғанына 83 жыл толатыны ескертіледі.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates