«PFLEL» бренді өзбек аяқ киімдерін импортттауды бастайды

    Бизнес 21 Noyabr 2022 1123

    «Узчармсаноат» бірлестігі мен ресейлік «PFLEL» компаниясының өкілдері арасында екіжақты ынтымақтастықты дамыту және елімізде шығарылатын арнайы аяқ киімді Ресей базарына шығаруға қатысты кездесу өтті. Кездесуде Ресей компаниясы Өзбекстан кәсіпорындарымен арнайы аяқ киім шығару, сондай-ақ аяқ киімнің үстіңгі бөлігін сатып алу бойынша келіссөздер жүргізді.

    Кәсіпорын біздің жергілікті кәсіпорындардан 50 мың жұп аяқ киім алу туралы ұсыныс жасады. Елімізде шығарылатын арнайы аяқ киімдердің сапасымен танысу мақсатында «PFLEL» компаниясының кәсіпорындарын аралау туралы келісімдер жасалды.

    Кездесу барысында «PFLEL» компаниясы өндірістік қызметі мен экспорттық мүмкіндіктері туралы тұсаукесер жасады. Жылына 1 миллион жұп арнайы аяқ киім шығаруға қауқары бар «PFLEL» бренді өз қызметін 1997 жылы бастаған.

    Бүгінде ол Ресей Федерациясының 5 ірі кәсіпорнының бірі болып саналады. Негізінен салаға арналған арнайы аяқ киім шығарумен айналысады. Қазіргі таңда кәсіпорынның өндірістік қуаты 106 есеге артты. Оның 700-ден астам қызметкері бар.

    Сұхбат соңында осы бағыттағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту бойынша алдағы міндеттер айқындалды, деп хабарлайды «Узчармсаноат» бірлестігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates