Пойыз билеттерін алыпсатарлар мүлде сатып ала алмайды —«Ўзтемирйўлйўловчи»

    Көлік 10 Aprel 2023 2096

    Кейбір бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде «Жолаушылар пойызының билеттері алыпсатарлардың қолында болғандықтан кассаларда билет қалмады» деген пікірлер мен өтініштерге ресми жауап берілді.

    Елімізде дәстүрлі түрде тойланатын мерекелерде, қысқы демалыстарда, сондай-ақ саяхат маусымы кезінде теміржол транспортына деген сұраныс артады.

    «Ўзтемирйўлйўловчи» АҚ ақпарат қызметінің хабарлауынша, теміржол көлігінің қауіпсіздігі мен сенімділігіне байланысты жолаушылар жолға шығудан бар ай немесе одан да бұрын билеттерді сатып алуда. Сондықтан мереке қарсаңында билеттің жоқтығы көпшілікте қате пікірлер туғызуда.

    «Ўзтемирйўлйўловчи» АЖ томонидан имкониятдан келиб чиқиб, қўшимча йўловчи поездлар, қўшимча вагонлар ҳам қўйиб келинмоқда.

    «Ўзтемирйўлйўловчи» АҚ тарапынан мүмкіндігі барынша, қосымша жолаушылар пойыздары мен вагондары қоюылуда.

    Бүгінде теміржол билеттерін алыпсатарлар мүлде сатып ала алмайды. Өйткені жолаушыларға билет олардың жеке басын куәландыратын құжаттары бойынша беріліп, теміржол вокзалдарына кірген кезде жолаушылардың билеттері заманауи қондырғылармен тексеріледі.

    Бүгінде күн сайын 6 жүрдек «Афросияб» пойызының 12 рейсі жолға қойылған. Республикамыздың барлық аймақтарына 30-ға жуық жолаушылар пойызы қатынайды. Теміржол көлігімен күніне 25 мыңнан астам жолаушы діттеген жеріне жеткізіледі.

    Жолаушыларға билеттерді сатып алуды жеңілдету мақсатында электронды билет сатылымы іске қосылды.

    Жолаушылар билеттерді 45 күн бұрын Uzrailwaytickets қосымшасы және chipta. railway.uz сайты арқылы сатып ала алады.