Пулат Бобожонов Корея Республикасы Ұлттық полиция агенттігі делегациясын қабылдады

    Корея Республикасы Ұлттық полиция агенттігінің бас комиссары Ким Чанг Йонг мырза басшылығындағы делегация және Ішкі істер министрі генерал-лейтенант Пулат Бобожонов арасында кездесу болып өтті.

    Кездесуде мекемелер арасындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, терроризм, экстремизм, кибер қылмыстар, адам саудасы және ескірті заттардың заңсыз айналымына қарсы күресуде ынтымақтастық жасау, тұрақты кеңесулерді жолға қою арқылы өзара тәжірибе алмасу, кадрларды даярлау және қайта даялау, сондай-ақ олардың біліктілігін арттыру саласындағы ынтымақтастық байланыстарын жандандыру бойынша алдағы міндеттер жоспарланды.

    Содан соң, Өзбекстан Республикасы Ішкі істер министрлігі және Ұлттық Гвардиясы мен Корея Республикасының Корея Ұлттық полиция агенттігі асында екі және көпжақты құжаттарға қол қою рәсімі өткізілді.

    “Өзбекстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен Корея Республикасының Корея ұлттық полиция агенттігі арасындағы ынтымақтастық туралы” келісім, “Өзбекстан Республикасы Ұлттық Гвардиясы және Корея Республикасының Корея ұлттық полиция агенттігі арасындағы өзара түсіністік меморандумы”, “Өзбекстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Академиясы мен Корея Республикасының Корея ұлттық полиция университеті арасындағы түсіністік меморандумы”, “Өзбекстан Республикасы Қоғамдық қауіпсіздік университеті Корея Республикасының Корея ұлттық полиция университеті арасындағы өзара түсіністік меморандумы” қол қойылып, құжаттар алмасылды, деп хабарлады ІІМ Ақпарат қызметі.

    2021-2022 жылдарда Өзбекстан Республикасы Ішкі істер министрлігі және Ұлттық Гвардиясы мен Корея Республикасының Корея Ұлттық полиция агенттігі арасындағы ынтымақтастық бойынша шаралар жоспарына (Жол картасы) қол қойылды.

    Корея Республикасының Корея Ұлттық полиция агенттігі делегациясының Өзбекстанға сапары жалғасуда.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates