Еліміздің Польшадағы елшілігінің көмегімен Өзбекстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап баспадан шыққан осы кітапша елімізде адам құқығы саласында жүзеге асырылып жатқан дәйекті реформаларға арналған. Брошюрада өткен бес жыл ішінде жаңа Өзбекстанда жүзеге асырылған өзгерістер мен еліміздің бұл реттегі  жетістіктеріне айрықша назар аударылған.

Кітапшада Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияевтың Олий Мажлиске  Жолдауының мән-мазмұны мен мемлекетіміз басшысының БҰҰ Адам құқықтары кеңесінің 46-сессиясындағы сөзі де келтірілген.

Жаңа кітапша елімізде адам құқығын қорғау саласын ырықтандыру және сол бағытта өркениет жолында қол жеткізілген іс-шаралар туралы арнайы бөлімнен құралған.

Онда оқырмандарға Өзбекстан басшысының негізгі мақсаты қоғам денсаулығын қорғау және нығайту саласындағы түбегейлі реформаларды жаңа басқышқа көтеру екені айрықша айтылады. Сонымен қатар, тәлім-тәрбие, ғылым-білім және инновацияларды дамыту, салауатты тұрмыс салтын кеңнен насихаттау арқылы Өзбекстанда жаңа өркендеуді жарату негізгі міндет екені айтылған.

Кітапшада айтылғанындай, 2021 жыл Өзбекстанда “Жастарды қолдап-қуаттау және тұрғындар денсаулығын нығайту жылы” деп жарияланған. Аталмыш жылда жүзеге асырылған міндеттерді  қамтыған мемлекеттік бағдарламада еліміз тұрғындары денсаулығын нығайту, денсаулық сақтау жүйесінің сенімді материалдық базасын жасау, өзбек жастары үшін қауіпсіз болашақты қамтамасыз етуге қатысты бірқатар міндеттер белгіленген.

Сонымен қатар соңғы жылдар барысында Өзбекстан теңдесі жоқ, жан-жақты дамыған кезеңді өткізіп,  халықаралық алаңда беделін  нығайтуға қол жеткізді. Өзбекстан басшылығы демократияға қол жеткізу жолын кеңейтуде және экономиканың өсуін жеделдетуде нақты қаулылар қабылдауда. Сондай-ақ мемлекетте сауда және шикізаттар үшін кең мүмкіндіктер жаратылып, идея мен технологияларды еркін әкелу қамтамасыз етілуде.

Брошюрада Өзбекстанда мемлекет және қоғам құрылысының негізгі стратегиялық бағыттары да өз көрінісін тапқан. Парламенттің рөлін нығайту, сот тәуелсіздігін қамтамасыз ету, макроэкономикалық тұрақтылықты нығайту және жоғары экономикалық өсу қарқынын сақтап қалу, тұрғындардың шынайы табысын арттыру сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы жан-жақты пікір өрбітілген.

Президент Шавкат Мирзияевтың БҰҰ Адам құқықтары кеңесінің 46-сессиясындағы сөзіне арналған мақалада Өзбекстанда демократиялық реформаларды одан әрі тереңдетудің үстем бағыттары туралы айтылған. Баспаның  “Әкімшілік, қылмыстық, азаматтық және экономикалық заңдылықты жетілдіру” бөлімі мемлекетте заңды, заң үстемдігін қамтамасыз ету жүйесіндегі бірқатар озық жаңалықтар мен реформаларға арналған.  “Сыбайлас жемқорлық, тағы басқа заңбұзушылықтарға қарсы күрес” бөлімінде де қоғамның құқығы сана мен мәдениетін одан әрі жетілдіру, жұртшылықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз көзқараста болу ортасын жарату және оған қарсы күресуде қоғам өмірінің барлық саласында жүйелі істер жүргізілгені өз көрінісін тапқан.

“Заңның жетекші күші — мемлекетттің өркениеті мен әл-ауқаттылығының кілті” деп аталған бөлімі демократиялық құқықтық мемлекет пен әділетті азаматтық қоғамды құру механизмдеріне арналған, онда адамдар, олардың құқығы мен мүддесі ең маңызды саналатыны айтылған.

Кітапшаның қорытынды бөлімінде Өзбекстан демократияландыруға қарай сеніммен әрекет етіп, үдерісте ақпарат және сөз еркіндігі, адам құқығын қамтамасыз ету, сот-құқық жүйесін одан әрі реформалау мен азаматтық қоғам институтын дамыту сияқты үстем бағыттардағы реофрмалардың жаңа, жоғары басқышқа көтеріліп жатқаны айтылған.

“Дуне” АА Варшава.