Польшалық шахматшы, FIDE шебері Камил Пличта өзбекстандық гроссмейстер Нодирбек Абдусаттаровтың жеңісіне ерекше ықылас білдірді.

«Келесі баламның атын Нодирбек қоямын. Қыз болса да, айырмашылығы жоқ», - дейді Пличта өзінің Twitter парақшасында.

Нодирбек Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасының 10-турында Үндістан өкілі  Гукеш Доммаражудан басым келіп жеңіске жетті. Партияның үлкен бөлігінде Үндістан өкілі басымдық танытқанымен, Нодирбек  сайыс барысында қарсыласының қателігін пайдаланып, жеңіске жетті.

Өзбекстан ерлер құрамасы соңғы 11-турда Нидерландыға қарсы ойнайды. Бұл жарыстағы жеңіс Өзбекстанға чемпиондықты әкелуі мүмкін.