Португалия Сыртқы істер министрімен кездесу өтті

    2021 жылғы 16 ноябрьде Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов бастаған Өзбекстан Республикасы делегациясының Брюссельге сапары аясында Португалия Республикасының Сыртқы істер министрі Аугусто Сантуш Силвамен кездесу өтті.

    Келіссөздер барысында түрлі деңгейдегі кездесулердің ұйымдастырылуы, министрлікаралық кеңесулер өткізу, халықаралық ұйымдар аясында тараптардың өзара қолдап-қуаттауы арқылы саяси диалогты жандандырудың маңыздылығы атап өтілді.

    Тоқымашылық, фармацевтика, ауыл шаруашылығы және туризм салаларында ынтымақтастық үшін салмақты әлеует бар екені атап өтілді.

    Келіссөздер соңында Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Португалия Республикасы Сыртқы істер министрлігі арасында саяси кеңесулер туралы өзара түсіністік меморандумына қол қойылды, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.