Мемлекет басшысы өткен жылдың 14 мамырында аталмыш мекеменің ескі ғимаратына барған еді. Ол кезде аурухана ересектерге де, балаларға да бір жерде қызмет көрсететін республикалық гематологиялық орталық болатын. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілмеуі және химиотерапия әдістерінің жоқтығынан емдеудің тиімділігі 30 пайыздан аспады.

Ғимараттағы жағдай да мүшкіл еді. Бір бөлмеде 3-4 науқас жатып, санитарлық бөлмелер ортақ болды. Әр науқасқа тамақ үшін күніне 11 000 сум бөлінген болатын. Зертханалық талдаулардың жартысы жеке клиникаларда жасалды.

Осыдан кейін ата-аналар және мамандармен әңгімелесу негізінде 2021 жылғы 27 мамырда Мемлекет басшысы «Халыққа гематологиялық және онкологиялық қызмет көрсету жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» қаулы қабылдады. Осыған орай, балалар гематологиясы және онкология саласы ересектер ауруханасынан бөлініп, жеке орталыққа айналды. Бұл мекемеге Ташкент қаласының Чиланзар ауданындағы Арнасай көшесіндегі жаңа ғимарат пайдалануға беріліп, осы жылдың қаңтар айынан бастап іске қосылды.

Мемлекет басшысы аталмыш орталыққа барып ондағы жағдаймен танысты.

Жаңа орталықтағы орын саны бұрынғы 85-тен 160-қа дейін ұлғайтылған. Науқас бала мен оның ата-анасына арнайы жағдай жасалған.

Бүгінде 101 бала емделуде. Оларға 130-дан астам дәрігер, оның ішінде 38 ғылыми маман мен жүздеген медбике қызмет көрсетуде.

Балалар онкогематологиясы, гематология, онкология, реанимация, гемодиализ және плазмаферез бөлімшелері, стационарлық және кеңес беру поликлиникасы заманауи жабдықталған. Биыл қосымша 14 техника түрі әкелініп, орнатылды.

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету деңгейі де жоғары. Мысалы, 2016 жылы бұл мақсатқа 2,8 миллиард сум бөлінсе, қазір бұл сома 60 есеге жуық өсіп, 170 миллиард сумға жетті. Онкогематологиялық препараттардың 91 түрі мемлекет есебінен тегін беріледі.

Шетелдік консультанттар тартылып, емдеу және диагностика стандарттары жаңартылды. Атап айтқанда, дің жасушаларының трансплантациясы саны артқан.

Тағы бір маңызды жағдай, мұнда молекулалық генетика, иммуногистохимия сияқты күрделі диагноздар жолға қойылған. Алдындары ол үшін сынамалар Үндістан, Түркия, Ресей сияқты елдерге сынақтан өту үшін жіберілетін.

Балаларды емдеумен қатар білім алуы да ескерілген. Мұнда «Замин» қорының қолдауымен 40 орындық мектеп пен 30 орындық балабақша салынды. «Мейірімді мектеп», «Алғашқы қадам» деп аталатын бұл мекенде бүлдіршіндер қызықты сабақтарды оқып, білім алуда.

Президент орталықта емделіп жатқан балалар және олардың аналарымен сұхбаттасты.

– Сіздердің алдарыңызға қайта келудегі мақсатым – күш-қуат, үмітіңізді асыру. Бұл бәріміз үшін сынақ. Біз мемлекет ретінде ақыл мен күш-қуатымызды осы дерттерді жеңу үшін пайдалануымыз керек. Ата-ананы қолдап, балалар дерттен айығуына көмектесіп, емдеуіміз керек, – деді Шавкат Мирзияев.

Президент балалардың тілегін қолдап, олардың тезірек сауығып, жақсы білім алуына тілектестік білдірді.

Мұнда балалар гематологиясы, онкология және клиникалық иммунология орталығының қызметін кеңейту жоспарлары туралы ақпарат иайтылды.

Осыған байланысты, гемопоэтикалық дің жасушаларын аллогендік және аутологиялық трансплантациялауға арналған 2 асептикалық ғимарат, өңірлерден ұзақ мерзімді келушілерге арналған 200 орындық жатақхана салынады. Жыл соңына дейін орталыққа тағы 67 түрлі техника жеткізіледі.

– Бұл сала елдегі жаңа жүйе. Енді оны облыстық ауруханалардағы осындай бөлімшелермен байланыстырып, ауруларды ерте анықтау керек. Төменгі деңгейде скринингтік тексеруді кеңейтіп, «аурудың алдында жүру керек» деді Презиедент.

Осы орталықтың негізінде ғылымды дамытудың маңыздылығы айтылды.

– Ғимаратта жағдай бар, табыс жоқ. Ғылымда сәттілік! Сондықтан бұл жер ауру факторларынан бастап тиімді емдеу әдістеріне дейін зерттейтін ғылыми орталық болуы керек. Өңірлердің медицина қызметкерлері келіп, біліктілігін арттырсын, – деді Мемлекет басшысы.

Осы саладағы жоғары дамыған неміс тәжірибесі негізінде емдеу хаттамасын жаңарту, мамандарды тарту жөнінде тапсырмалар берілді.