Шавкат Мирзияев басшы ретінде батыләрі талапшыл болғанымен, мейірімді, ілтипатты жан. Мұны оның қарттарға, балаларға, мұқтаж жандарға деген көзқарасынан байқауға болады.
Мемлекет басшысы Жызақ облысының әкімі болып тұрғанда жетімдер үйлерін ретке келтіріп, Самарқанд қаласындағы зағип балаларға арналған мектеп-интернатта болғаны әлі күнге ел есінде.
Бүгінде мұндай мейірім ел бойынша жайылған. Президент аймақтарға барғанда осындай әлеуметтік мекемелерді аралауға уақыт табады.
Жақында Ташкент қаласының «Алмазар» ауданындағы мектеп-интернатына барған кезде Шавкат Мирзияев: «Елімізде жетім балалар болмаса қандай жақсы болар еді» деген болатын. Халқымыз бұл игі бастаманы қолдап, барлық өңірлерде отбасылық балалар үйлері құрылуда. Соның нәтижесінде соңғы айларда 16 балалар үйінің 10-ы жабылды.
Қашқадария облысында да алғашқылардан болып «Китаб» ауданындағы 5 санды, «Қамашидағы» 4 санды балалар үйі жабылды. Онда тәрбие алған балалардың бір бөлігі туыстарына қайтарылса, кейбірі отбасылық балалар үйіне қабылданды.
Президент Қашқадарияға сапары барысында осындай мейірімді жандардың отбасыларымен кездесті.
-Мемлекетіміздің саясатын жүзеге асырып, балалардың басынан сипап, отбасыларыңызды құшақ жая қарсы алғаныңыз үшін сізге бас иіп, алғыс айтамын. Сіз біздің болмысымыздың, халқымыздың руханиятының үлгісісіз. Бұл қиын, оны әркім түсіне бермейді. Бірақ бұл сауапты істің қайтарымы мол. Халқымыз осындай асыл қасиеттерді жоғары бағалайды, - деді Шавкат Мирзияев.
Мемлекет басшысы кездесуде балалармен сұхбаттасып, оларға демеу берді.
– Өмір оңды-солды сынақтарға толы. Қазір сіздерге бұл сынақ. Бірақ, болашақта қатарластарыңызға үлгі болатындарыңызға сенемін. Еңбексіз жеңіске жету мүмкін емес. Мен де бала кезімнен қиындықты көріп өстім. Сіздер әрқашан мемлекетіміздің назарында боласыз: біз сіздердің білімдеріңізді, білім алуларыңызды бақылауда ұстаймыз. Құдай қаласа, кемелдігіңізді бәріміз көреміз, – деді Мемлекет басшысы.
Қашқадария облысында жалпы 16 отбасылық балалар үйі бар және онда 98 ұл-қыз асырап алынған. Президент осы отбасыларға алғысын білдірді.