Мемлекет басшысы «Astrum» IT академиясына барды

    Билік 29 Iyul 2022 6370

    29 шілдеде Президент Шавкат Мирзияев Ташкент облысыны4 Жоғарғы Шыршық ауданындағы «Astrum» IT академиясында болып, ақпараттық технологиялар саласының мамандары және жастармен кездесті.

    Бүгінгі таңда Әлемде ақпараттық технологиялар қарқынды дамып келеді. Дүниежүзінде оның өсу қарқыны жылына 10 пайызды құраса, биыл 4 триллион 300 миллиард долларға жетеді деп күтілуде.

    Бұл нарықта берік орын алу үшін Өзбекстанда үлкен жұмыстар басталған. Соңғы бес жылда салаға 2 миллиард доллар, оның ішінде 700 миллион доллар тікелей инвестиция тартылды.

    Мемлекет басшысының бастамасымен барлық өңірлерде ІТ-парктер ашылып, олар үшін арнайы салық режимі енгізілді. Осы арқылы 14 мың жас жоғары табысы бар жұмыспен қамтылды. Сондай-ақ, өзін-өзі жұмыспен қамтыған ІТ-мамандардың саны жыл басынан бері 2,5 есеге өсіп, 43 мың адамға жетті.

    Ең бастысы, IT кәсібін үйрену жастар арасында трендке айналды. Мектеп, лицей, колледж, техникалық институттарда және жоғары оқу орындарында «Бір миллион бағдарламашы» жобасы жүзеге асырылуда.

    Биылдың өзінде республикада 134 жаңа, оның ішінде 50 шетелдік компания IT-компания құрылып, экспорттаушы кәсіпорындар саны екі есеге артты. Қызметтердің көлемі мен түрі де өсті.

    Бұл саланың инфрақұрылымын жасап, сапасын арттыру маңызды фактор болып табылады. Атап айтқанда, соңғы үш жылда мобильді интернет бағасы 9 есеге арзандады. Өзбекстан бұл көрсеткіш бойынша халықаралық рейтингте 68-орыннан 15-орынға көтерілді.

    – Алдағы бес жылда біз республикада ақпараттық технологиялар қызметінің экспортын 1 миллиард долларға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Жастарды осы мамандыққа дұрыс оқытып, сапалы инфрақұрылым, компьютер және кепілдендірілген тапсырыспен қамтамасыз етсек бұл мақсатқа оңай жетеміз, - деді Шавкат Мирзияев.

    Мемлекет басшысы бұл үшін 4 мәселені шешу керектігін айтты.

    Біріншісі – интернетті қамту мен сапасын түбегейлі жақсарту. Өйткені қазір өңірлерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамту 70 пайыз шамасында. 118 ауылда интернет те, ұялы байланыс та жоқ.

    Екіншісі – ақпараттық технология саласындағы дарынды жастарды анықтап, оларға қолдау көрсетуді одан әрі кеңейту. Бүгінде жастар стартаптарына 10 миллиард сум ғана грант бөлінген. Компьютер жұмысы жеткіліксіз.

    Үшіншісі – цифрландыруды барлық салада басымдыққа айналдыру. Осыған байланысты үкіметте, бірқатар министрліктер мен компанияларда жүйе бар. Дегенмен, Көлік министрлігі, Энергетика министрлігі, Ветеринария комитеті, Өзбекстан темір жолдары мен «Узагросугурта» компанияларындағы жағдай нашар.

    Төртінші маңызды мәселе – өңірлердегі жастардың экспорттық нарыққа шығуына көмектесу. Атап айтқанда, шетелдік компаниялар жастарымызға сенім артып, биылғы жылы 100 миллион долларлық қызметке тапсырыс берді. Бірақ біздің жергілікті кәсіпорындардың тапсырыстары одан әлдеқайда аз.

    Кездесу ашық пікір алмасу стилінде өтті. Алдымен Ақпараттық технологиялар және коммуникацияларды дамыту министрі Ш.Шерматов саладағы мәселелерге тоқталып, оларға қатысты өз ұсыныстарын айтты. Жиынға қатысушылар да өз пікірлерін білдірді.

    Мемлекет басшысы сарапшылар мен жастардың ұсыныстарын қолдап, жауаптыларға тиісті шешім жобаларын әзірлеуді тапсырды.

    – Бұл мәселелер біздің бүгінгі, болашағымыз үшін, әсіресе, жастарымыз үшін лайықты жұмыс орындарын құруға үлкен негіз болып табылады, – деді Мемлекет басшысы.

    Осы диалог өткен «Astrum» IT академиясында жүздеген жастар заманауи бағдарламалау дағдыларын меңгеріп, оқу барысында табыс табуда. Мемлекет басшысы мұндай нысандарды өзге өңірлерде де ұйымдастыру қажеттігін айтып, бұл бағыттағы бастамаларға жан-жақты қолдау көрсетілетінін айтты

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates