Бұл оқу орны 1966 жылы құрылып, 2016 жылы күрделі жөндеуден өткен. Қазір мұнда 221 оқушы білім алуда. Оларға дефектологтар мен жоғары білімді тәрбиешілер сабақ береді. Өткен жылы 21 түлектің 3-і жоғары оқу орындарына түсті.
Интернатта 4 оқу корпусы, 280 орындық жатақхана, асхана, кітапхана, спорт залы, белсенділерге арналған зал бар.
Мемлекет басшысы осында ұстаздармен әңгімелесті. Тәрбиеленуші балалардың оқыту үдерістерін көзден кешірді.
Ташкент қаласы әкімшілігіне мектеп-интернаттың асханасы және технология кабинеттерін жөндеуді, спорт кешені мен өндірістік шеберхана құруды тапсырылды.
Халыққа білім беру министрлігіне «Замин» қорымен бірлесіп 2600-ден астам есту қабілеті нашар балаларды медициналық тексеруден өткізу, есту аппараттарымен қамтамасыз ету, есту қабілеті нашар балаларды кезең-кезеңімен жалпы білім беретін мектептерге ауыстыру міндеті жүктелді.