Өзбекстан – әлеуметтік мемлекет. Бұл халқымыздың ежелден келе жатқан құндылықтарына, бүгінде адамды бағалау қағидасына сәйкес келеді. Кейінгі бес жылда «Муруват» үйлеріне мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржы 3 еседен астам өсті. Қызметкерлер саны мен ондағы орындар да ұлғайтылды.
Халыққа сапалы қызмет көрсету және көмек көрсету мақсатында өткен жылы Өзбекстан Республикасы Президенті жанынан Ұлттық әлеуметтік қорғау агенттігі құрылған еді. Көптеген әлеуметтік мекемелермен қатар пансионат, оңалту орталығы, «Муруват» үйлері осы агенттік жүйеге көшірілді.
Былтыр осындай мекемелерге мемлекет бюджетінен 624 миллиард сум бөлінді. Сондай-ақ, оларды дәрі-дәрмек және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету үшін бұрынғыдан екі еседен астам қаржы бөлініп отыр.
Бұрын «Муруват» үйлері арасында ынтымақтастық болмаған. Енді олар өзара пікір алмасып, тиімді әдіс-тәсілдер мен тәжірибелерді білім беруде қолдануда.
Мемлекет қамқорлығының нәтижесінде Ташкенттегі бұл «Муруват» үйі де жаңа кейіпке енген. Қосымша ғимарат салынып, ескі ғимараттар күрделі жөндеуден өтті. Жазғы спорт залы, мүгедектерді емдеу және емдік дене шынықтыру бөлімдері, медицина және жаттығу кабинеттері, белсенділер бөлмесі, кітапхана, жатақхана және асхана толықтай жөндеуден өтті. Әрбір бөлім, арнайы бөлмелер сұранысқа сай жабдықталған. Қозғалыс әрекеті қиын балаларға арнайы арбалар берілді.
Мекеме 4 жастан 18 жасқа дейінгі елеулі психикалық кемістігі бар балаларға медициналық-әлеуметтік қызмет көрсетеді. Бүгінде 299 ұл-қыз қамқорлыққа алынған. Оларға білікті педагогтар, дефектологтар мен дәрігерлерден тұратын 334 қызметкер көмектеседі.
Шавкат Мирзиёев балалардың жаттығуларын бір-бірлеп бақылап көрді. Олармен сұхбат құрды. Жағдайды жақсартып, қолайлылық жасап, мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірден өз орнын табуына барынша көмектесетінін айтты.
Мемлекет басшысы әлеуметтік сала қызметкерлерінің еңбегін бағалап, балаларға көрсеткен мейіріміне ризашылығын білдірді.
– Балаларымызға жақсы көңіл бөлгеніңіз үшін көп рахмет. Бұл ауыр еңбек, бірақ бұл өте құнды және қажет еңбек, – деді Мемлекет басшысы.
Балаларды мүмкіндігінше оңалту және өмірге бейімдеу, ата-аналарға психологиялық көмек көрсету мәселелері бойынша пікір алмасылды. Кейінгі жылдарда мүмкіндік пен жүйе пайда болғаны, басқа да әлеуметтік институттардағы жағдайды жақсарту қажет екені баса айтылды.
Алдағы уақытта «Муруват» үйлері заманауи оңалту құралдарымен жабдықталып, жаңа тұжырымдама негізінде жұмысын бастайды. Оған сәйкес, балалар жеке даму бағдарламалары негізінде қоғамға интеграцияланады. Барлық «Муруват» үйлерінде кездесу бөлмелері ұйымдастырылады.
Сондай-ақ, «Қолдау клубтары» құрылып, білікті мамандар қамқоршыларға мүмкіндігі шектеулі баланы күту, отбасылық ортада тәрбиелеу, қоғамға бейімдеу бойынша білім береді. Арнайы оқуға ұсынылмайтын, ауыр сырқаттары бар балалар үшін «Қамқорлық тобы» ұйымдастырылады. Барлық облыстық оңалту орталықтары мүмкіндігі шектеулі балаларға осындай қызмет көрсететін болады.
Нысанның қазандығы мен инженерлік желілері де толықтай жаңартылған. Аумаққа сәндік және жеміс ағаштарының көшеттері отырғызылып, сыртқы жарықтандыру шамдары орнатылып, тротуарлар төселген.
Қасиетті Рамазан айында емделушілерден хабар алып, халыққа көбірек мейірім көрсету – халқымыздың асыл құндылығы.