Шавкат Мирзияев Тәжікстанға ресми сапармен барады

    Билік 10 Iyun 2021 4167

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонның шақыруымен 10 маусымда ресми сапармен Тәжікстанға барады.

    Сапар бағдарламасында Өзбекстан мен Тәжікстан арасындағы достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестік қатынастарын одан әрі нығайтудың өзекті мәселелерін талқылау жоспарланған.

    Атап айтқанда, саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-коммуникациялық, мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту бағыттары қарастырылады.

    Көпқырлы серіктестіктің жаңа «өсу нүктелерін» анықтауға және ұзақ мерзімді практикалық ынтымақтастықты дамытудың нақты жобаларын ілгерілетуге ерекше назар аударылады.

    Президенттер сонымен қатар халықаралық саясат және аймақтық күн тәртібі туралы пікір алмасатын болады.

    Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар бірлескен мәлімдеме жасап, өзбек-тәжік инвестициялық компаниясын құру, өнеркәсіп пен жаңа технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдер, ауылшаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға арналған «жол картасын» және басқа құжаттарға қол қояды деп күтілуде.

    Өзбекстан мен Тәжікстан арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың маңызды бағыттарын қамтитын 30-дан астам құжатқа қол қойылуы жоспарланған.

    Экономиканың түрлі салаларында ынтымақтастық орнату мақсатында шамамен 1 миллиард долларлық сауда келісімін жасау қарастырылған.

    Сапар бағдарламасында Душанбедегі мәдени іс-шараларға қатысу, Соғды облысындағы қоғам өкілдерімен кездесулер, өндірістік нысандармен танысу орын алған.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates