Иллюстрациялық фото
Жарлықтың негізгі мақсаттары етіп мыналар белгіленді, олар:
2026 жылдың соңына қарай мемлекеттік басқару органдары, әлеуметтік сала және экономика салаларында жасанды интеллект технологияларын кеңінен енгізу бойынша кемінде 100 жобаны іске асыру;
2030 жылдың соңына дейін заманауи жасанды интеллект инфрақұрылымын дамытуға 1 миллиард АҚШ долларынан астам шетелдік инвестиция тарту;
2026 жылдың соңына дейін елімізде жұмыс істейтін жоғары оқу орындарында 15 жасанды интеллект зертханасын іске қосу.
2025 жылдың соңына дейін жасанды интеллект саласында жүзеге асырылып жатқан жобаларды, бағдарламаларды, стартаптарды және тегін онлайн курстар туралы ақпаратты көрсететін «ai.gov.uz» ұлттық портал іске қосылады.
2026 жылғы 1 январынан бастап:
жастардың жасанды интеллект технологияларына деген қызығушылығын одан әрі арттыру және ынталандыру мақсатында Өзбекстан Республикасы Президентінің сыйлығы үшін «Жасанды интеллект бағытында ең үздік стартап» (President AI Award) байқауы өткізіледі;
мемлекеттік органдардың, жарғылық қоры (жарғылық капиталы) мемлекеттік үлесі 50 және одан да көп болған шаруашылық жүргізушілері субъектілердің және жергілікті атқарушы билік органдарының цифрлық трансформациялық жағдайды бағалауда жасанды интеллект технологияларын енгізу көрсеткіштері есепке алынады.
Рейтинг нәтижелері бойынша 2026 жылдың 1 мартынан бастап жылына екі рет ең жақсы жасанды интеллект жобаларды жүзеге асырған министрліктер мен кеңселер арасында «Жасанды интеллект бойынша ең жақсы жоба» байқауы өткізілетін болады.








