Президент Асиф Али Зардари Өзбекстан басшысна Пәкістанның ең жоғары наградасын салтанатты түрде табыстады.
Атаулы жоғары марапат – екіжақты ынтымақтастықты дамытудағы табанды еңбектің лайықты бағасы әрі Өзбекстан халқына деген достық ықылас пен терең құрметтің айқын көрінісі екені атап өтілді.
Өзбекстан – Пәкістан стратегиялық серіктестігі мазмұн жағынан жаңа деңгейге көтерілетініне сенім білдірілді.
Айта кету керек, бұл жоғары награмен әр жылдары Ұлыбритания Королевасы Елизавета II, АҚШ Президенті Ричард Никсон, Оңтүстік Африка Республикасы Президенті Нельсон Мандела, Тайланд Патшасы Пхумипон Адульядет, БАӘ Президенті Шейх Заид бен Султан Әл-Нахаян, Қытай Халық Республикасы Төрағасы Ху Цзиньтао, Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған, Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Салман және басқалар марапатталған.