Шавкат Мирзияев жаңа үйге көшкен отбасыларды құттықтады

    Билік 2 Iyun 2021 7512

    Президент Шавкат Мирзияев Терміз қаласындағы жаңадан бой көтерген көпқабатты үйлердің иелерін жаңа қоныспен құттықтады.

    Мұндағы жаңадан салынған 9 қабатты үйлердеде 208 пәтер бар. Ғимараттың сырты үш қабатты жабыннан тұратын болып, қыста жылы, жазда салқын. Әр пәтер жеке жылыту қазандығымен жабдықталған. Бірінші қабатта сауда және қызмет көрсету орындары бар.

    Үйлерге қызмет көрсететін басқарушы компания құрылған. Онда электр, газ, лифт және сантехника шеберлерінің ауысымы жолға қойылады. Сондай-ақ, компания құзыретінде оқу орталығы жұмыс істейді, онда жастар көп қабатты үйлерге қызмет көрсететін жұмысшы мамандықтарын игере алады.

    Қазірде осы көппәтерлі үйлерге алғашқы отбасылар қоныс аудара бастады. Олардың кейбіреулері пәтерді мемлекет берген жеңілдіктер негізінде алған.

    Мемлекет басшысы осында қоныс аударған екі отбасының - Наргиза Рахимова мен Фаррух Эгамовтың шаңырағында болып, олармен сұхбаттасты.

    - Біздің саясаттың ең үлкен талабы - маңайда жүріп, адамдардың мәселелерін тыңдау және оларды шешу. Бүгін біз Сурхандарияға қатысты үлкен жоспарлар дайындадық. Барлығының түбінде тек бір нәрсе бар - адамның капиталы. Енді бұл үйлерді халыққа әділетті түрде беру керек. Егер әділеттілік болса, ол бағаланады, - деді Шавкат Мирзияев.

    Жалпы, биыл Сұрхандария облысында 3500 пәтерлі көп қабатты үйлер салынады және 1460 отбасыға ипотекалық субсидия беріледі.

    Осыменен Президент Шавкат Мирзияевтің Сұрхандария облысына жасаған екі күндік жұмыс сапары аяқталды.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates