Ичан қамалының тек тарихи ескерткіш қана емес, сонымен бірге «тірі» қала екені белгілі. Мұнда 120-дан астам сәулет ескерткіштері бар және адамдар әлі күнге дейін көне үйлерде тұрады. Оның «ашық аспан астындағы мұражай» деп аталатыны сондықтан.

Хиуа қаласы 1990 жылы 12 желтоқсанда ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген. 1997 жылы қала өзінің 2500 жылдығын атап өтті. 2020 жылы Түріксой халықаралық ұйымының шешімімен Түркі әлемінің мәдени астанасы болып жарияланды.

Мемлекет басшылары Ата қақпасынан кіріп, Көк мұнараны, Көне Арк сарайын, Тасәулні тамашалады. Пахлауан Махмуд кесенесі мен «Жұма» мешітінде Құран оқылып, дұға бағышталды.

Хорезмнің тарихы, ғылымының дамуына қосқан үлесі, бай мәдениеті мен өнері туралы мәліметтер қонақтарға жарқын әсер қалдырды.

Осымен Тәжікстан Президентінің Өзбекстанға жасаған ресми сапары аяқталды.