Президенттікке кандидат Алишер Қодиров намангандық сайлаушылармен кездесті

    Сайлау 14 Oktabr 2021 1705

    Давлатабад ауданында өткен кездесуге партия белсенділері, Олий Мажлистің Заң шығару палатасы мен жергілікті Кеңестердің депутаттары, серіктес ұйымдардың өкілдері, еңбек ардагерлері, жастар, қыз-келіншектер, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.

    Кездесуді Президенттікке кандидат Алишер Қодировтың Наманган облысы бойынша сенімді өкілі, Наманган инженерлік -технологиялық институтының ректоры, профессор, халық депутаттары облыстық кеңесінің депутаты Одилжон Маматкаримов кандидаттың өмірбаянымен таныстырумен бастады.

    Президенттікке кандидат Алишер Қодиров өзінің сайлауалды бағдарламасында бес бағыт бойынша айтылған қырыққа жуық айқын міндеттер мен болашағы зор идеялар туралы айтты.

    Үміткер Алишер Қодировтың сайлауалды бағдарламасында ұлттық дәстүрлерге, құндылықтарға, қайырымдылыққа, демеушілікке, зекетке, ынталандыруға, оның ішінде мемлекеттік марапаттауға, білім сапасын жақсартуға, медициналық жүйені жаңа басқышқа көтеруге қатысты идеялар енгізілген.

    Кандидат бағдарламасында сот жүйесін реформалау мен монополияларды жоюдың маңыздылығына баса назар аударылғандығы ерекше назар аудартады.