Халықаралық бақылаушылар сайлауға жақсы дайындық жасалғанын атап өтті

    Ағымдағы жылдың 27 октябрінде Орталық сайлау комиссиясында бірқатар халықаралық бақылаушылармен кездесу өткізілді.

    Олардың қатарында Пәкістан Сенатындағы «Пәкістан-Өзбекстан» достық тобының мүшесі Ирфан Улхак Сиддиқи, сенаторлар тобы, Әзербайжан Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Мазахир Панахов, Қытай халық Республикасының елшісі Сунь Лицзе басшылығындағы Қытай халық Республикасының Сыртқы істер министрлігінің бақылаушылар тобы, Тәжікстан Орталық Азия сайлау комиссиясы Төрағасы Худоярзода Бахтияр, Түркіменстан Орталық сайлау комиссиясы Төрағасы Гулмурат Мурадов және Пәкістан сайлау комиссиясының Төрағасы Султан Мохаммадтар басшылығындағы делегация өкілдері бар еді.

    Сұхбат барысында сайлауға дайындық барысы және бүгінгі таңда елімізде өтіп жатқан сайлаудың қызу үдерістері, оның кезеңдері, сайлау заңнамасындағы өзгерістер мен жаңалықтар туралы айтылды.

    Сондай-ақ, жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 8.00-де Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисінің Заң шығару палатасы мен жергілікті кеңестерге депутаттардың сайлауы басталғаны, бүгін еліміз бойлап аумақаралық сайлау комиссиялары тарапынан құрылған 11 мың 28 сайлау учаскелері өз жұмысын бастағаны да айтылды.

    Еліміздің сайлау заңнамасының жаңалықтарымен танысқан қонақтар осы бағыттағы оң өзгерістерге жоғары баға берді. Осы биылғы сайлаудың және халықаралық демократиялық қағидаттарға толық жауап беретініне сенім білдірді.

    Атап айтқанда, Пәкістан Сенатындағы “Пәкістан-Өзбекстан» достық тобының мүшесі Ирфан Улхак Сиддики: «Азаматтардың белсенділігі процестердің жақсы ұйымдастырылғанын көрсетеді. Халық жаңа өзгерістермен жаңа сайлау жүйесіне белсене қатысып, өзі лайықты деп тапқан өкіліне дауыс беретініне сенімдімін. Жаңа сайлау жүйесіндегі гендерлік теңдік, дәлірек айтқанда, депутаттыққа кандидаттар арасында әйелдер үлесін 30%-дан 40%-ға дейін артқаны өте маңызды. Өткені әлемдегі дамыған елдерде де мұндай көрсеткіш жоқ” — деп айтты.

    Әзербайжан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мазахир Панахов: «Таң ертеңнен бірқатар сайлау учаскелерді бақыладық. Үдеріс өте жақсы ұйымдастырылған. Барлық ұйымдастырушылық істер Сайлау кодексіне лайықты түрде жүзеге асырылуда. Айту орынды, халықаралық стандарттарға сәйкес түрде өтіп жатқан сайлаулар оның ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуге қызмет етеді.

    «Біз бір жайтты атап өткіміз келеді – сайлау жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Біз тек сайлауды байқауға ғана емес, сонымен қатар сайлауды өзімізде де озық әдістерді енгізу арқылы ұйымдастыру тәжірибесін үйренуге шақырамыз», — деді Тәжікстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Бахтиёр Худоёрзода. Сайлау учаскелерін сайлау техникасымен қамтамасыз ету, учаскелік комиссия мүшелерінің біліктілігін арттыру жұмыстарын оң бағалау және депутаттыққа кадидаттар, саяси партиялардың сайлауалды бағдарламалары, депутаттыққа үміткерлер туралы кең ақпараттар бар екені айтылды, деп хабарлайды Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі.

    Айта кету керек, байқаушылар миссиясының мүшелері мен шетелдік делегация өкілдері республикамыздың түрлі аймақтарындағы сайлау учаскелерінде болып, дауыс беру барысын тікелей бақылап отырды.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates