Президенттіке үміткерлердің сайлауалды насихаты қашан басталатыны айтылды

    Сайлау 17 Sentabr 2021 1091

    Орталық сайлау комиссиясының баспасөз орталығында жауаптылар және БАҚ өкілдерінің қатысуында кезектегі жиналысы өтті.

    Жиналысты Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Баҳром Қўчқоров жүргізді. Онда бірқатар мәселелер қаралды.

    Жиналыста айтылуынша, Сайлау кодексінің 44-бабына сәйкес, сайлауалды үгіт-насихат істері кандидаттарды тіркеуге алу үшін белгіленген соңғы күннің ертесінен бастап басталады. Сайлау күні және дауыс беруге бір күн қалғанда үгіт-насихат істеріне жол қойылмайды.

    Үгіт-насихат істерін сайлаушыларға тегін немесе жеңілдетілген шарттарда тауарлар беру, қызметтер көрсету (ақпарат қызметтерден тыс), сондай-ақ ақша қаржыларын төлеумен қосып алып баруға тыйым салынады. Бұрыс ақпаратты, сондай-ақ кандидаттардың абыройына және қадір-қасиетіне зиян келтіретін мәліметтерді тарату мүмкін емес.

    Жиналыста Орталық сайлау комиссиясының Өзбекстан Республикасы Президенттігіне кандидаттардың сайлауалды үгіт-насихат істері туралы қаулысымен Президенттікке кандидаттардың сайлауалды үгіт-насихат істері 2021 жылғы 20 сентябрьден басталуы айтылды.