Профилактикалық инспекторларды тағайындау үдерісі өзгереді

    Ел назарында 23 Noyabr 2023 1300

    Өзбекстан Республикасы Президенті 2023-жылдың 20-ноябрь күні «Өзбекстан Республикасы Президенті және Үкіметінің кейбір құжаттарына өзгертулер мен қосымшаларды енгізу туралы» ПФ-197-санды Жарлығына қол қойды.

    Бұдан былай:

    профилактикалық инспекторды лауазымға тағайындау және қызметінен босату, қызмет өтілі мен тәжірибесі ескеріле отырып, махаллаға біріктіру және махалла арасында ротациялау Қарақалпақстан республикасының ішкі істер министрлігі, Ташкент қаласы мен Ташкент облысмы ІІББ және облыстар мен іскі істер басқармалары бастықтары тарапынан ІІМ Қоғамдық қауіпсіздік департаменті Құқықбұзушылықтар профилактикасы қызметімен келісе отырып жүзеге асырылады (профилактикалық инспекторы қызметінен аға профилактикалық инспекторы лауазымына ауысуды қоспағанда);

    Қарақалпақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Ташкент қаласы және Ташкент облысы ІІББ және облыстық ішкі істер басқармалары Қоғамдық қауіпсіздік қызметінің орынбасарлары және әлеуметтік профилактика бөлімінің бастықтары ІІМ Қоғамдық қауіпсіздік департаментінің Құқықбұзушылықтар профилактикасы қыметімен келісе отырып, белгіленген тәртіпте лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады (жоғары басшы лауазымға ауысу жағдайларын қоспағанда).

    Сондай-ақ «Ішкі істер министрлігі Қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бас басқармасының тұрмыстық өндірістік комбинаты» МУК мемлекеттік акция пакеттері (үлестері) толық бұқаралық саудалар арқылы жеке секторға сатылатын кәсіпорындар тізімінен шығарылады.

    Медицина қызметкерлеріне белгіленген материалдық ынталандыру тәртібі 2024 жылғы 1 январьдан бастап ІІМ жүйесіндегі медицина және фармацевтика қызметкерлеріне (арнаулы әскери атағы бар қызметкерлер мен әскери қызметшілерді қоспағанда) де қолданылатын болады.

    Құжат Заң құжаттары мәліметтерінің ұлттық базасында жарияланған және 2023 жылдың 20 ноябрьден күшіне енген, деп хабарлайды «Norma».