Қатар даму қорымен біріккен жобалар әзірленеді

    Өзбекстан елшісі Ашраф Ходжаев Қатар Даму қорының (QFFD) бас директорының орынбасары Султан Ал-Асийримен кездесті.

    Елші «QFFD»-мен ынтымақтастықта Самарқанттағы Бибіханым мешітін реконструкциялау жобасы жүзеге асырылғаны үшін Қатар тарапына алғыс білдірді.

    Кездесу барысында білім беру, денсаулық сақтау, экономикалық мүмкіндіктерді кеңейтуге бағытталған біріккен жобаларды әзірлеу мәселелері талқыланды.

    Өзбекстанда халықты әлеуметтiк қорғау саласында жүргiзiлiп жатқан ауқымды жұмыстарға шетелдік серіктес ретінде Қатар Даму қорын тартуға келiсiлдi, деп хабарлайды «Дунё»AA.