Қырғызстан Республикасымен жаңа жобалар жүзеге асырылады

    Бизнес 10 Mart 2023 1795

    «Ўзчармсаноат» бірлестігінде Қырғызстан Республикасы Министрлер Кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы басшылығындағы делегация құрамында іссапарымен елімізде жүрген аталмыш елдің ветеринария қызметінің өкілдерімен кездесу өтті.

    Келіссөздер кезінде үстіміздегі жылдың январь айында Өзбекстан Республикасы Президентінің Қырғызстан Республикасына іс жүзіндік сапары кезінде тері және жүнді қайта өңдеу, автоматтандырылған қасапханаларды құру бойынша біріккен жобаларды атқаруда қол жеткізілген алғашқы келісімдерді жүзеге асырудың іс жүзідік жақтары қаралды.

    Айта кету керек, бүгінде автоматтандырылған қасапханаларды ұйымдастыру бойынша жобаларды жүзеге асыру белсенді түрде жалғасуда. 2023 жылдың соңына дейін Қырғызстан Республикасының Ыстықкөл, Ош, Жалалабад облыстарында Өзбекстанда өндірілген технологиялар негізінде 28 автоматтандырылған қасапханалар құру жоспарлануда. Бүгінгі таңда оның 10-ы іске қосылды.

    Тараптар жаңа өнеркәсіп жобаларды дамыту және жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады. Айта кету керек, Қырғызстан Республикасы таяу жылдары еліміздің кәсіпорындарымен жүнді қайта өңдеу және дайын былғары өндірісі бойынша біріккен жобаларды жүзеге асыруды көздеп отыр. Осы жақтарды ескере отырып, Қырғыз тарапы Өзбекстанның дайын былғарыны қайта өндіруде Орталық Азиядағы жетекші тәжірибесін пайдалануды жоспарланған. Елімізде ірі және уақ мүйізді мал терісінің 89,7 пайызы қайта өңделсе, 2022 жылдың соңына қарай 2,2 триллион шаршы метр тері өндірілді.

    Тері мен жүнді қайта өңдеу бойынша біріккен жобаларды жүзеге асырудағы Өзбекстанның тәжірибесімен жақынан танысу мақсатында қырғызстандық серіктестері үшін Ферғана облысына бизнес-тур ұйымдастырылады.

    Сондай-ақ, кездесуде еліміздегі былғары және аяқ киім өнеркәсібіне мамандандырылған ШӨА-да Қырғызстан капиталы негізінде біріккен жобаларды жүзеге асыру бойынша келісімдерге қол жеткізілді. Жобаларды дер кезінде жүзеге асыру мақсатында жұмысшы топ құрылып, жол картасын әзірлеу туралы қаулы қабылданды, деп хабарлайды «Узчармсаноат» бірлестігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates