Ауыл шаруашылығын дамыту үдерісіне Кореяның озық тәжірибесі тартылады

    Үстіміздегі жылдың 16 июлінде Өзбекстан Республикасы Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары м.а. Акрам Алиев Кореяның Evervolution компаниясының басшысы Чон Таегун басшылығындағы делегациямен кездесті.

    Өзбекстанда ауыл шаруашылығын дамыту, сонымен қатар осы саладағы біріккен жобаларды қаржыландыру механизмдерін жетілдіру үдерісіне Кореяның озық тәжірибесін тарту мәселелері қаралды.

    Өзбекстанның көлік инфрақұрылымын жақсарту үшін ақылды технологиялар мен инновациялық шешімдерді енгізу болашағы талқыланды.

    Келіссөздер соңында өзара қарым-қатынастарды дамыту бағыттары мен біріккен инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша қажетті іс-шаралар көрсетілген Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates