Ұйым басшыларын бюджеттік жобаға дауыс жинауға мәжбүрлеген Қызылтепа ауданы әкімі орынбасарының іс-әрекетіне құқықтық баға берілді

    Бұрын хабарлағанымыздай, Адам саудасына қарсы күрес және лайықты еңбек мәселелері бойынша ұлттық комиссияның бастамасымен әлеуметтік желілерде «Open Budget» үшін кейбір сала өкілдерінің дауыс жинау жұмысына тартылу фактілері жан-жақты зерттелген болатын.

    Жүргізілген зерттеу нәтижесі бойынша, Қызылтепа ауданы әкімінің жастар және әлеуметтік дамыту, рухани-ағарту істері жөніндегі орынбасары «Open Budget» бағдарламасы аясында ұйым басшыларының қызметтік міндеттеріне кірмейтін бастамашыл бюджет жобасына дауыс жинауға насихат жүргізгендігі және мәжбүрлі түрде жұмылдырылғаны анықталған.

    Бас прокуратура мен Мемлекеттік еңбек инспекциясы қызметкерлері жүргізген зерттеуде облыс әкімі орынбасарының әрекеттерінде Өзбекстан Республикасының Әкімшілік жауапкершілік туралы кодексінің тиісті баптарында көрсетілген құқықбұзушылықтардың белгілері анықталған. Зерттеу нәтижелері бойынша лауазымды тұлғаға қатысты Әкімшілік жауапкершілік туралы Кодекстің 51-бабының 1-пуктімен айыппұл салынды.

    Ұлттық комиссия барлық жауапты тұлғаларды, сондай-ақ жұмыс берушілерді, аумақ басшыларын қызметкерлердің конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуге шақырады.

    Осы ретте ескерте кетейік, Конституциямызға сәйкес, әркімнің лайықты еңбек етуге, кәсіп пен қызмет түрін еркін таңдауға, қолайлы еңбек жағдайында жұмыс істеуге, өз еңбегі үшін әділ жалақы алуға құқығы бар екені, сондай-ақ елімізде мәжбүрлі еңбекке тыйым салынғаны және ұлттық заңдылығымызда балалар еңбегі мен мәжбүрлі еңбек үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік белгіленген.

    Адам саудасына қарсы күрес және лайықты еңбек мәселелері бойынша комиссия.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates