Кеңесулер Өзбекстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Фуркат Сидиқов пен Египет Сыртқы істер министрінің орынбасары Айман Камил басшылығында өтті.
Тараптар Өзбекстан мен Египет арасындағы дипломатиялық байланыстың орнағанына 30 жыл толуына орай бір-бірін құттықтап, екі елдің саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, туризм, мәдени-гуманитарлық, тағы басқа да салалардағы ынтымақтастықты одан әрі жандандыруға кең мүмкіндіктердің бар екенін растады.
2018 жылдың 4-5 сентябрь күндері Ташкентте, 2022 жылғы 5 февральда Пекинде Президенттер Шавкат Мирзияев пен Абдулфаттах ас-Сиси арасындағы өткен жоғары деңгейдегі келіссөздер екіжақты қарым-қатынастарды сапа мен мазмұн жағынан жаңа деңгейге көтергені атап өтілді.
Халықтарымызға тән болған тарихи-мәдени үйлесімдігі мен салт-дәстүрлерінің жақындығы мен ұқсастығы Өзбекстан-Египет қарым-қатынасының берік іргетасы болып табылатыны атап өтілді.
Өзбекстан Республикасының Каир қаласындағы Елшілігінің хабарлауынша, сұхбат барысында екі елдің іскрелері арасындағы тікелей байланыстарды қолдап-қуаттау, өзара саяхатшылар ағынын арттыру, білім, дін-ағарту, инновация, денсаулық сақтау, қауіпсіздік сияқты үстем салалардағы байланыстарды кеңейту, ұлы ғұламаларымыздың мұрасын зерттеу, мұражайтану және археологиялық ескерткіштер саласындағы бірлескен жобаларды насихаттауға ерекше көңіл бөлінді.
Тараптар сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы қарым-қатынастар мен аймақтық өзекті мәселелер бойынша пікір алысты, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.