Ол үшін 5 мыңнан астам адамның медициналық мәліметтері сарапталды. Нәтижесінде зерттеушілер қауіпті қан жасушаларының бөлінуін тудыратын генді тапты.

Мамандардың қорытындысына орай, енді TCL1A геніне бағытталған дәрілер арқылы обыр жасушалардың өсуін тоқтатуға болады.

Авторлардың пікірінше, жас ұлғайған сайын адам ағзасындағы бөлінетін жасушалар түрлі мутацияларға ұшырайды. Олардың көпшілігі зиянсыз.

Бірақ егде жастағы адамдардың 10 пайыздан астамында қан обыры мен жүрек ауруын тудыратын мутациялар дамиды.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.