Заң шығару палатасының Спикері Финляндия елшісімен кездесті

    Олий Мажлис Заң шығару палатасының Спикері Н. Исмаилов Финляндияның Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі И.Ряйсяненді қабылдады.

    Сұхбат басында Спикер Н. Исмаилов И.Ряйсяненді елімізге елші болып тағайындалуымен шын жүректен құттықтап, жауапты және құрметті дипломатиялық миссиясын атқаруда оған табыс тіледі.

    Жоғары мәртебелі қонаққа бүгінде еліміз өмірінің барлық саласында атқарылып жатқан кең көлемді реформалар, сондай-ақ Өзбекстан Республикасының сыртқы саяси және сыртқы экономикалық қызметі туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ еліміз парламентінің заңдылық қызметі, норма шығармашылығы, комитеттер мен фракциялардың жұмыс әдістері, парламентаризм саласындағы жаңалықтарды тілге тиек етті.

    Өз кезегінде И.Ряйсянен Өзбекстанда жүргізіліп жатқан ауқымды реформалар оң нәтиже беріп жатқанын мойындап, Өзбекстан-Финляндия қарым-қатынастары парламентаралық байланыстарды жаңа деңгейге шығару үшін бар күш-жігерін іске салатынын айтты.

    Кездесу барысында парламент делегацияларының алмасуын жандандыру, заң шығармашылығы үдерісінде ынтымақтастық жасау, заң құжаттарымен, ақпараттық-талдау материалдарымен алмасуды жолға қою мәселелері талқыланды.

    Келіссөздер соңында тараптар тек парламентаралық қана емес, екі елдің басқа сала мен бағыттарын дамыту бойынша пікір алмасу арқылы тиісті іс-шараларды жүзеге асыруға келісті, деп хабарлайды Олий Мажлис Заң шығару палатасының баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates