Құны 367,3 миллиард сумды құрайтын «Қоқан Глобал Текс» ЖШС жобасының құрылысы басталды.
Тоқымашылық және жіп шығаруға маманданған кәсіпорында 800 жұмыс орны ашылады.
Кәсіпорынның ашылу салтанатында облыста жыл сайын 40-45 мыңнан астам жастардың еңбек базарына кіріп келе жатқаны, оларды жұмыспен қамтуда жаңа кәсіпорындардың маңызы зор екені айтылды.
Мекеменің 106,3 миллиард сум қаржысына және 261 миллиард сумдық банк несиесі есебіне бой көтерген кәсіпорын келер жылдың аяғына дейiн пайдалануға берiледi. Жылына шамамен 10 мың тонна иірілген жіп пен тоқымашылық өнімдерін өндіру қуатына ие болатын кәсіпорын жылына 13,7 миллион долларлық өнім экспорттайды деп күтілуде.
«MOLLIS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үлпілдек сүлгілер мен трикотаж өндірісін жолға қою мақсатында құрылуда. Кәсіпкердің жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылып жатқан, құны 123,6 миллиард сумды құрайтын жобаның арқасында 2 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Жылына 7,5 миллион доллардың өнімін экспорттау жоспарлануда. Кәсіпорынның бірінші кезегі келесі жылдың бірінші тоқсанында іске қосылып, құрылысы 2022 жылдың соңына дейін аяқталып, толық қуатпен жұмыс істейді деп күтілуде, деп хабарлады Ферғана облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.